Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ: Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

Опубликовано:

Тәжвирус маска
Көрнекі фото: azh.kz

Коронавирустың түрлі жаңа штамдары пайда болып жатқанына қарамастан, індетті бақылауға алуға болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус кезекті баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Оның айтуынша, бұл үшін бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтық сынды сақтық шараларды сақтауды жалғастыра беру қажет. Мысал ретінде ұйым басшысы соңғы үш аптада әлемде вирусты жұқтырғандар саны азайып келе жатқанын атап өтті.

"Халықаралық қауымдастық бұған дейін мұндай нәтижеге шектеулерді ерте алып тастаудан қол жеткізе алмап еді", - дейді ол.

"Соңғы мәліметтер коронавирус мутацияға ұшырап, жаңа штамдардың пайда болғанына қарамастан, індетті бақылауға алуға болатынын көрсетіп отыр. Яғни егер біз осы уақытқа дейін өзінің тиімділігін көрсеткен санитарлық шараларды жалғастырсақ, адамдардың дертке шалдығуын азайтуға қолжеткізе аламыз", - деді ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.

Айта кетейік, бұған дейін осы ұйымның Төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Майкл Райан коронавирусты толықтай жеңу қиынға соғатынын мәлімдеген. Оған дертке қарсы вакцинаның елдер арасында тең бөлінбеуі себеп болады деп көрсеткен еді.

Сондай-ақ вирусқа қарсы екпенің жаппай жүргізілмеуі де кеселді жеңуге кедергі болатынын айтқан.

Айта кетейік, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2 ақпандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896866-dds-lemde-koronavirus-zktyrgandar-sany-azajyp-keledi/

pixel