Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да үй ауласында анасы мен баласын қасқыр талап тастаған

Опубликовано:

Қасқыр
Көрнекі фото: pexels.com

Шығыс Қазақстан облысында жергілікті тұрғындарға қасқыр шабуыл жасады деп хабарлайды 31 арна.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, ел шекарасында орналасқан Күршім ауданы Маралды ауылына кірген түз тағысы малын қораға қамауға шыққан бір үйдің баласы мен анасын талап тастаған.

Сегізінші сыныпта оқитын баласын ертіп, қойын қоралауға шыққан ерлі-зайыптылар қасқырдың келгенін аңдамай қалдық деп отыр.

Қараңғыда әйелі мен баласын тарпа бас салған түз тағысын отағасы айыр шаншып өлтіріп, ажалдан аман алып қалыпты.

Қасқырдың денесі өртеліп, көмілгені белгілі болды. Ал бас сүйегі ветеринарлық зертханаға сараптамаға жіберілген.

Маралды ауылының тұрғындары осыдан бір апта бұрын қасқырлар тағы да бір үйдің ауласына кіргенін жеткізді. Ал осы соңғы оқиғадан кейін, балалардың қауіпсіздігі үшін екінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары бірінші ауысымға ауыстырылған.

Қазір зардап шеккен отбасы Күршім аудандық ауруханасында емделіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында 29 жастағы келіншекке қасқыр шабуыл жасағанын хабарлаған едік.

Оқиға Ақкөл ауылы маңындағы малшы қыстағында болған. Қасқыр үйінен шыққан 1991 жылы туған азаматшаға тап берген.

Түз тағысы келіншегін құтқаруға келген ер адамға да шабуыл жасаған. Ол уақытта ер азамат ат үстінде болған.

Ал жыртқыш аң талаған тұрғын ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896871-sko-da-tz-kaskyr-bir-jdi-anasy-men-balasyn-talap-tastagan/

pixel