Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасын іздеген: ШҚО-да төрт жасар қыз 40 градус аязда көшеден табылды

Опубликовано:

Анасы мен баласы
Видеодағы кадр: instagram.com/eastkazpolice

Шығыс Қазақстан облысында таңертең жұмысқа бара жатқан тұрғын дүкендердің бірінің жанында ата-анасының қарауынсыз қалған кішкентай қызды байқаған. Кейін ол бұл жайт туралы полицияға хабар берген деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Оқиға 2021 жылдың 15 қаңтарында Алтай қаласының Стахановская көшесінде болған, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ПД Instagram-дағы парақшасында.

Полицияның мәлімдеуінше, сол күні таңертең, бала ұйықтап жатқан кезде, қыздың 39 жастағы анасы дәрігерге көріну үшін ауруханаға шығып кеткен, ал 45 жастағы әкесі Грехово ауылында жұмыста болған.

Үйде жалғыз оянған бүлдіршін қорыққаннан сырт киімін киіп, анасын іздеп көшеге шыққан.

Сол күні таңертең далада 40 градус аяз болғаны атап өтілді. Кіштентай қыз дүкеннің жанында тұрған кезде оның жалғыз тұрғанын байқаған ер адам бұл туралы полиция бөліміне хабарлаған.

Жедел іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары баланың ата-аналарын анықтады және жарты сағаттан кейін қызды кәмелетке толмағандардың ісі бөлімінің қызметкерлері заңды өкілдерінің қолына тапсырды, деп хабарлады ведомствода.

Баланың еш жарақат алмағаны нақтыланды. Қыздың анасы қызын байқап, көмек қолын созғаны үшін, сондай-ақ заң өкілдеріне жедел жұмыс істегені үшін ризашылығын білдірді.

Еске сала кетейік, 24 қаңтарда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 35 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896878-sko-da-40-gradus-aazda-ksede-kalgan-kiskentaj-kyz-tabyldy/

pixel