Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлық агенттігінде жаңа басқарушы комитет құрылды

Опубликовано:

Қағаз қалам1
Көрнекі фото: piqsels.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басқарушы комитет құрылды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитетке агенттіктің барлық жобаларының қызметін үйлестіру мен мүдделі мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен нәтижелі өзара іс-қимылды нығайту бекітілген.

Жемқорлыққа қарсы агенттіктің хабарлауынша, мұндай тәжірибе бұрын мемлекеттік органдарда қолданылған жоқ.

Бұл тәсіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түйінді көрсеткіштері мен мақсаттарына қол жеткізуге және қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге бағытталған жобалық міндеттер мен іс-шараларды іске асыруды жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларының қатарына "Adaldyq alańy", "Adal kómek", "Ашық бюджет", "Адал фарм", "Sanaly urpaq", "Адал жол", "Сапалы жол", "Protecting Business and Investments" және "Цифрлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет" сияқты бастамалар кіреді.

Комитет басшысы болып 2017 жылдан бастап президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының жобалық менеджментті дамыту орталығын басқаратын Жанар Тайжанова тағайындалды.

Комитет жанында қоғамның белсенді өкілдері мен жоғары білікті салалық мамандар мен сарапшылардан жасақталған сараптамалық кеңес жұмыс істейтін болады.

Еске салсақ, Үкімет қаулысымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Балық шаруашылығы комитеті құрылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896890-sybajlas-zemkorlyk-agenttiginde-zaa-baskarusy-komitet-kryldy/

pixel