RU

"Мамырда баға өзгереді": Қазақстандықтарға үй сатып алуға асықпау ұсынылды

Тұрғын үй
Көрнекі фото: aikyn.kz

"Отбасы Банкі" ТҮҚЖБ басқарма төрағасы ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте қазақстандықтарға екінші деңгейлі тұрғын үйлерді сатып алуды кейінге қалдыруға кеңес берді. Оның болжамына қазір бағасы көтерілген үйді мамыр айында бастапқы бағасына алуға болады хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Екінші деңгейлі тұрғын үй нарығындағы бағаның көтерілуіне келсек, әрине, ол сатушының нарығы. Үй сататын адамдар мұндай дүрбелең кезде көп ақша тапқысы келеді.

Менің ойымша, нарықтың қалыпты жағдайға оралуын күту керек. Шамамен мамыр айының ортасында сатушылар сұрап отырған бағалардың бәрі өткен жылдың бағасымен сәйкес болады", - дейді Ләззат Ибрагимова.

Сондай – ақ ол жақында "Отбасы банкі" зейнетақы жинағының бір бөлігін алып, үй салғысы келетіндерге арналған жекелеген құрылыс жобалары туралы жариялайтынын хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Ләззат Ибрагимова бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алғашқы 50 мың адамның арнайы шотына таяу күндері қаржы аударатынын хабарлаған еді.

"50 мың салымшы іс жүзінде бірінші кезеңнен өтті. Олардың өтініші арнайы шотқа ақша аудару сатысында тұр. Оның 8 мыңы - кеше сағат 16:00-ге дейін өздерінің арнайы шоттарындағы ақшаны көрді. Бұл мобильді қосымшада көрініп тұр", - дейді Ибрагимова.

Жалып бүгінгі күнге дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының порталы мен "Отбасы банктің" сайтына 80 мыңнан астам өтініш түскен.

БЖЗҚ өтінімді қабылдағаны туралы статусты көрген азаматтар өзінің арнайы шотындағы соманы да көре алады. Ол үшін "Отбасы банктің" мобильді қосымшасына кіруі қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896897-mamyrda-baga-zgeredi-kazakstandyktarga-j-satyp-aluga-asykpau-synylyp-otyr/