Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар көшкіні жүруі мүмкін: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қар көшкіні
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің бірнеше аймағында дауылдық ескерту жарияланды. 3 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

3 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20, 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

3 ақпанда Нұр-Сұлтанда да оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін, күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

3 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ болуы ықтимал.

3 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

3 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде, Атырау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерінде жауын (жаңбыр, қар) жауып, бұрқасың, тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде екпіні 15-20, күндіз 25 м/с жетуі мүмкін.

3 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде және Ақтау қаласында тұман күтіледі.

3 ақпанда Қостанай облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20, 23 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Ал Қостанай қаласында көктайғақ болып, желдің екпіні түнде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

3 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Түнде желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20, 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

Көкшетау қаласында да тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күтіледі.

3-5 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады.

Сонымен қатар синоптиктер Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 2 – 3 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін айтады.

Сондықтан мамандар тұрғындарды қарлы тік жартастарға шықпауды, жалпы тауда абай болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896943-kar-kskini-zrui-mmkin-elimizdi-birnese-irinde-dauyldyk-eskertu-zarialandy/

pixel