RU

20 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы жинағын алған

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Екі күннің ішінде 20 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін алған. Бұл туралы "Отбасы банкі" өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Банктің мәліметінше, 1 ақпан күні 8 693 адамның, ал бүгін тағы 11 657 қазақстандықтың арнайы шотына біржолғы зейнетақы төлемдері түскені белгілі болған.

Осылайша қазіргі таңда елімізде зейнетақы жинағының бір бөлігін алған тұрғындар саны 20 350 адамды құрап отыр.

"Отбасы Банкі - біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалануға арналған өтінімдерді 2 жұмыс күні ішінде қарайды және БЖЗҚ қаражатты өтініш берушінің арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде аударатынын естеріңізге саламыз.

Ақша түскеннен кейін - жеке кабинеттегі ақпарат жаңартылады және 45 күн ішінде құжаттарды жүктеп тізімнен банкті таңдау мүмкіндігі пайда болады.

enpf-otbasy.kz жеке кабинеті арқылы жүктелген файлдар мақұлдағаннан кейін қабылдаушы тарапқа: сатушыға/банкке/ипотекалық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде, көрсетілген деректемелерге қаражат аударылады", - деп хабардар етті банк.

Айта кетейік, бұған дейін БЖЗҚ қазақстандықтардың өтінімі неліктен кері қайтарылып жатқанын түсіндірген еді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы Жанат Құрмановтың айтуынша, бұл сұралған сомалардың алуға қолжетімді сомадан асып кетуімен, БЖЗҚ-да мүлдем жинағы жоқ салымшылар өтінімімен және дұрыс рәсімделмеген өтінімдер байланысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896968-20-mynan-asa-kazakstandyk-zejnetaky-zinagyn-algan/