Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Іс бір жақты қаралды": Сотталған Қызылорда облысының экс-әкімін қорғауға қызы кірісті

Опубликовано:

Қуанышбек Ысқақов
Фото: strategy2050.kz

Жеті жылға бас бостандығынан айырылған Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың туыстары үкіммен келіспейтінін жеткізді. "Әкеме негізсіз айып тағылды" деген Айдана Досмайылова сотта ешбір дәлел ескерілмегеніне наразы деп хабарлайды КТК арнасы.

"Сот тек бір-екі куәнің еш дәлелі жоқ жалған көрсетпесін негізге алып, әкем мен ағамның ұсынған барлық ресми құжаттарына, бұлтартпас дәлелдеріне еш назар аудармады. Іс бір жақты қаралды. Біз оған наразымыз. Апелляциялық соттан ендігі кезекте әділдіктің орнауына біз ғана емес, Сыр өңірінің 90 пайызы үміт артып күтіп отыр", - дейді Қуанышбек Ысқақовтың Айдана Досмайылова.

Бойжеткен Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге мемлекеттік қызметкерлердің бір күндік жалақысын бөлу туралы бұйрықты әкем берген жоқ дейді.

Өйткені Қуанышбек Ысқақов сол мезетте облыс әкімінің орынбасары лауазымында болып, қаржы мәселесін шешу құзыретіне ие болмапты.

Ал талан-таражға түсті делінген 80 миллион теңге "Сыр мейірімі" қоры арқылы  4 фирмаға теңдей аударылып, қаражат мақсатты жұмсалған дейді Айдана Досмайылова.

Бірақ сотта бұл деректер құжат жүзінде делелденсе де,  судья оны назарға алмағанын айтады.

Еске сала кетсек, Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов екі орынбасары мен туысы және бір кәсіпкермен 80 миллион теңге қайырымдылық қаражатын жымқырды деп айыпталған.

Былтыр наурыз айында ұсталған экс-әкім желтоқсанда 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал орынбасарлары 6 жылға сотталса, бауыры мен бизнесмен 5 жылға түрмеге жабылған.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896991-is-bir-zakty-karaldy-sottalgan-kyzylorda-oblysyny-eks-kimin-korgauga-kyzy-kiristi/

pixel