Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйіне 40 шақты адам жинап, жұма намазын өткізген ақтөбелік қомақты айыппұл арқалады

Опубликовано:

Намаз оқу
Көрнекі сурет: pixabay.com

Үйіне жұма намазын оқу үшін адам жинаған Ақтөбе тұрғынына 180 мың теңге көлемінде айыппұл салынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, жедел-іздестіру шарасын жүргізді.

Нәтижесінде 57 жастағы Ақтөбе тұрғыны өз үйінің жертөлесінде 35-40 адамды жинап, жұма намазын өткізгені анықталған.

Үй иесіне 180 570 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

Ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Қазақстан заңнамасын бұзу" бабы бойынша кінәлі деп танылған.

"Облыстың бас санитариялық дәрігерінің қаулысын бұзғаны үшін материал жиналып, заңды шешім қабылдау үшін облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында ақталып шыққан Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Қобландинге бір жарым миллион теңге өтемақы төленетіні туралы жазған едік.

Мұғалжар ауданындағы әлеуметтік салаға жауап беретін Ғалым Қобландинге екі жыл бұрын қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

Алайда оның кінәсіз екені анықталып, тіпті жұмыстан шеттеліген кездегі жалақысы да толық берілетін болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897009-jine-40-sakty-adam-zinap-zma-namazyn-tkizgen-aktbelik-komakty-ajyppl-arkalady/

pixel