Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында тойға дайындалып жатқан туыстар жерлеу рәсімін өткізді

Опубликовано:

той
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында тойға дайындалып жатқан туысқандар арасында жанжал туындап, пышақ жарақатын алған ер адам қайтыс болды. Бұл іс туралы Сарыағаш аудандық сотының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі судья-үйлестірушісі Берік Қайыпов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Іс материалдарына сүйенсек, осы жылдың 30 қаңтарында Сарыағашта тойға дайындалып жатқан әулетте қанды оқиға орын алған.

Қалыңдықтың үйіне жиналған туыстар азық-түлік дайындап жатқан. Ондаған ер адам палау үшін көкеніс турап отырыпты.

Бір сәтте 42 жастағы екі туыстың арасында жанжал туындаған. Осы кезде ер адамның бірі қарсыласының кеудесіне пышақ сұғып, ол жүрегін тесіп өткен. Зардап шегуші оқиға орнында қайтыс болған.

Күдікті айыбын мойындап полицияға өзі барған. Іс материалдарында оның алты баласы бар екені, бұрын сотты болмағаны, алкоголь ішпейтіні көрсетілген.

Полицейлер оқиға орнынан бірнеше ас үй пышағын анықтаған. Оның бәрі сараптама жүргізіп, қылмыс қаруын анықтау үшін алынған.

"Сарыағаш полиция бөлімінің тергеу органдары аудандық сотқа ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша айыптау қорытындысымен 1978 жылы туған жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу материалдарын ұсынды.

2021 жылы 2 ақпанда істі қараған сот күдіктіні 2 ай мерзімге қамауда ұстау және қамауға алуға санкциялау туралы үкім шығарды", - дейді Берік Қайыпов.

Еске сала кетсек, Түркістан облысы Түлкібас ауданында туыс ағасының атынан онлайн несие рәсімдеп жіберген ер адам әшкере болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897122-trkistan-oblysynda-tojga-dajyndalyp-zatkan-tuystar-zerleu-rsimin-tkizdi/

pixel