Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбедегі заң институтына жарылғыш зат қойылды дегендер 1 млн рубль сұраған

Опубликовано:

Фото
Оқиға орнына фото: Ақтөбе облыстық ПД

Бүгін ақтөбелік полицейлер аяғынан тік тұрды. Таңғы уақытта ішкі істер министрлігіне қарасты Ақтөбе заң институтының электронды поштасына суыт хабар түсті. Онда  ғимаратта жарылғыш зат бар екені, Ресей Федерациясы банктерінің картасына 1 млн рубль аударуды сұраған талап жазылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Хабар түскен бойы төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мен полицейлер институт аумағын қоршап, ғимараттағы адамдарды сыртқа шығарды. Барлығы 500-ге тарта адам қауіпсіз жерге шықты.

Хатты  кім жолдағаны, қай адрестен келгені  туралы  әзірге ақпарат жоқ. Институт басшылығы мән-жайды түсіндіруден бас тартты.

Ал облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды.

"Арнайы бөлімше саперлері жарылыс құрылғыларын анықтау үшін барлық ғимаратқа тексеру жүргізді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",- деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция мәліметінше, осы баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Фото
Оқиға орнынан фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбелік полицейлерді дүрліктірген жалған қоңырау шалу биылдыққа бірінші рет емес. Өткен айда ғана екі рет мектеп-гимназияға бомба қойылды деген жалған хабарлама түсті. Үрей туғызған хатты кім жолдағынан әлі табылмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897137-aktbegi-za-institutyna-zarylgys-zat-kojyldy-degender-1-mln-rubl-sragan/

pixel