Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта жеті жасар қызға зорлық көрсеткен ер адам 19 жылға сотталды

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

7 жасар қыз балаға сексуалды сипаттағы зорлық көрсеткен Балқаш тұрғыны 19 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облыстық сотына сілтеме жасап.

Балқаштың 44 жастағы тұрғыны сот алдында жауап берген. Оның ісі Қарағанды облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.

Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы "Кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері" бойынша айып тағылған.

Сот барысында ер адам өз айыбын мойындаған жоқ. Дегенмен іс бойынша жинақталған айғақтар оның кінәсіз екеніне күдік келтірген.

Сот ер адамға 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, сотталушы химиялық кастрацияға мұқтаж емес.

Ер адам сот үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Жақында ғана оның шағымын Қарағанды облыстық сотының сот алқасы қараған. Ол бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

"Сот ісі кәмелетке толмаған балаға қатысты болғандықтан жабық есік жағдайында өтті. Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы сотталушыны ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп тапты.

Оған 19 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Облыстық сот алқасы оның шағымын қанағаттандырмады", - делінген Қарағанды облыстық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897167-balkasta-zeti-zasar-kyzga-zorlyk-krsetken-er-adam-19-zylga-sottaldy/

pixel