RU

Коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар маска тақпай жүре ала ма

Қаладағы көше көрінісі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Онлайн-брифинг барысында денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы екпе салдырған азаматтар маска тақпай жүре ала ма деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шектеу шараларының жалпы жеңілдетуге жағдай жасау, маска тағу нормаларын алып тастау үшін біз ұжымдық тиімді иммунитет қалыптастыру мақсатында халықтың кем дегенде 50%-ын вакцинамен қамтуымыз етуіміз керек. Біз бұл жеңілдету шараларын жалпы вакцинация науқанын ойдағыдай аяқтағаннан кейін қарастырамыз", – деді Қиясов.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният екпе салдырған адам коронавирус инфекциясын тасымалдаушы емес деп мәлімдеді.

"Егер ресейлік вакцина туралы айтатын болсақ, онда антиденелер шығаруға мүмкіндік беретін гендік материал енгізілген адамның аденовирусы бар. Басқа вакциналарда "өлтірілген" коронавирус бар, сондықтан ол коронавирус инфекциясының қайнаркөзі бола алмайды.

Вакцинациядан кейін иммундық жүйе екі аптадан кейін және вакцинаны 2 рет енгізгеннен кейін 56 күннен кейін антиденелер шығара бастайды. Сондықтан екі апта ішінде адам басқа инфекцияны жұқтырмас үшін бетперде режимін сақтауды ұсынамыз, екі айда адамда иммунитет болады", – деп түйіндеді ол.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігі Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте "Спутник V" вакцинасы ресми тіркеуден өтпестен бұрын халықты жаппай вакцинациялауды бастағанын айтты. Алғашқы 22 мың доза бір реттік партия болып импортталды, ал вакцинаны тіркеуді жақын арада аяқтау жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897190-koronaviruska-karsy-ekpe-saldyrgandar-maska-takpaj-zre-ala-ma/