Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда ер адам бір түнде жеті қылмыс жасаған

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pexels.com

Көкшетауда бір түнде жет рет қылмыс жасаған 25 жастағы әккі ұры ұсталды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, ұры алдымен қаладағы азық-түлік дүкенінің терезесіндегі темір торын бұзып, бірақ кіре алмаған. Нысан иесінің оны байқап қалып, полиция қызметкерлеріне хабар бергені белгілі болды.

Одан сескенбеген жігіт тағы екі дүкенді тонап үлгерген. Құныққаны сонша, біреудің "Шкода" көлігінен 200 мың теңге ұрлап, тағы бір "ВАЗ"көлігін айдап кетіпті.

Жолда сантехника дүкеніне түспек болып, есігін бұза алмаған. Есесіне шаштаразға кіріп, "триммер" машинкасы мен кішкентай таразыны ұрлаған.

Сонымен қатар, ер адам түнгі жорығында ноутбук, жемістер мен тәттілерді қолды қылған.

Бұл жағдайға қатысты Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук пікір білдірді.

"Ол осыншама заңбұзушылық әрекеттерінен кейін қонақ үйге демалуға оралған. Сол кезде бұрын да дәл осындай қылмысы үшін істі болған жігітті тәртіп сақшылары ұстады. Қазіргі кезде уақытша тергеу абақтысына жабылған 25 жастағы жігітке "Біреудің мүлкін заңсыз иеленгені", "Ұрлық жасауға ұмтылу", "Ұрлық"  баптарымен сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Гүлнәр Пинчук.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897206-kksetauda-er-adam-bir-tnde-zeti-kylmys-zasagan/

pixel