RU

Еліміздің 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер таратқан ақпаратқа сәйкес, 4 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғып, оның күші түнде кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.

Қостанай облысының да кейбір аумағы мен Қостанай қаласында тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, күндіз кей жерлерде жауын-шашын (қар, жаңбыр) түсуі ықтимал, дейді ауа райын болжаушылар. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

Синоптиктер Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болатынын жеткізді. Олар Орал қаласында тұман түседі деп отыр.

Сонымен қатар Қызылорда облысының кей жерлері мен Қызылорда қаласында да тұман түсуі мүмкін.

Мамандардың болжауынша, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласында тұман, көктайғақ болады.

Атырау облысының кей жерлері мен Атырау қаласында тұман түсуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897209-elimizdi-6-irinde-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zarialandy/