Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Коронавирустан үйде ешкім өлген жоқ, барлығы ауруханаларда тіркелді": Желідегі ақпарат жұрттың зәресін алды

Опубликовано:

вируссс
Көрнекі фото: www.rbc.ru

Instagram әлеуметтік желісінде "коронавирустан қайтыс болу жағдайларының барлығы тек медициналық мекемелерде орын алған" деген ақпарат тарап, көпшіліктің зәресін алды. Кейбір адамдар "дәрігерлер статистиканы арттыру үшін вирус жұқтырғандарды әдейі өлтіреді" деген пікірде. Алайд бұл ақпарат шындыққа мүлде жанаспайды деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Әлемде тіркелген коронавирустан көз жұму жағдайларының басым бөлігінің ауруханаларда болғаны рас. Бұл SARS-CoV-2 жұқтырған кезде ауыр халдегі науқастың ауруханаға жатқызылатындығымен байланысты", - делінген хабарламада.

Видео
Скриншот: Stopfake.kz

Бірақ ауру өршіген кезде дәрігерлер науқастарды ауруханаларға жеткізуге үлгермеген жағдайлар болды.

Сонымен қатар, жалғыз басты науқастардың жағдайының күрт нашарлағанын жеткізетін жақыны болмаған оқиғалар да кездесті.

Мәселен, статистикаға көз жүгіртсек, 2020 жылдың 27-наурызында Англия мен Уэльсте 15 адам үйде, тағы 20 адам қарттар үйінде көз жұмды. Ол уақытта COVID-19-дан қайьыс болған 539 адам тіркелген болатын.

Қауіпті дертті жұқтырған пациенттердің нақты қай жерде қаза тапқандыңы туралы өлім-жітім статистикасы жарияланған жоқ. Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдары 2020 жылдың мамыр-шілде айларында үйде болған өлім-жітімнің артқаны туралы хабарлаған еді.

"Демек, коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас үйде қайтыс болған жоқ деген тұжырым дұрыс емес. Ауру өршіген кезде көз жұму жағдайлары ауруханаларда да, үйлерде де тіркелді", - делінген ақпаратта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897210-koronavirustan-jde-eskim-lgen-zok-barlygy-auruhanalarda-tirkeldi-zelidegi-akparat-zrtty-zresin-aldy/

pixel