Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде өткен тәулікте 1280 адам коронавирус жұқтырды

Жарияланған күні:

Маска
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 1280 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Олардың дені әлі де Павлодар облысынан деп хабарлайды coronavirus2020.kz сайты.

Коронавирус жұқтырғандар аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 153

Алматы қаласы - 111

Шымкент қаласы - 9

Ақмола облысы - 168

Ақтөбе облысы - 18

Алматы облысы - 70

Атырау облысы - 58

Шығыс Қазақстан облысы - 63

Жамбыл облысы - 10

Батыс Қазақстан облысы - 109

Қарағанды облысы - 80

Қостанай облысы - 85

Қызылорда облысы - 7

Маңғыстау облысы - 16

Павлодар облысы - 230

Солтүстік Қазақстан облысы - 70

Түркістан облысы - 23.

Осылайша, елде коронавирус жұқтырғандар саны 191 639 адамға жетті.

Айта кетейік, елімізде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцина егу басталды.

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцина ерікті және тегін.

Осы орайда денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыруға мәжбүрлеген жағдайда қайда және кімге шағымдана алатындарын айтты.

"Біз әрбір жайтты тексеріп, қажетті шаралар қабылдаймыз. Департаменттер, министрліктер, денсаулық сақтау министрлігі комитеттерінің бөлімшелері және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері бар. Медицина қызметкерлері (егер оларды вакцина салдыруға мәжбүрлеген болса - ред.) сол жерге жүгіне алады", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897228-elde-otken-taulikte-1280-adam-koronavirus-zuqtyrdy/