Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Спутник V" вакцинасынан кейін иммунитет неше жыл сақталады

Опубликовано:

Вакцина
Фото: Sputnik/Абзал Қалиев

"Спутник V" вакцинасын салдырғаннан кейін коронавирусқа қарсы иммунитет екі жыл сақталады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

1 ақпаннан бастап елімізде коронавирусқа қарсы жаппай вакцина егу басталды. Тұрғындарға ресейлік "Спутник V" вакцинасы салына бастады.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің сөзіне сенсек, вакцина коронавирустың жаңа "британиялық" және "оңтүстікафрикалық" штамдарына да тойтарыс бере алады екен.

"Күні кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі - Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6 пайызды құрағанын хабарлады. Бұған қоса, "Спутник" вакцинасын алғаннан кейін иммунитет кем дегенде екі жыл сақталатыны дәлелденді. Вакцина коронавирустың жаңа "британиялық" және "оңтүстікафрикалық" штамдарына да тойтарыс бере алады", - дейді Ерлан Қиясов.

Ол вакцинация кезең-кезеңмен жүргізілетінін атап өтті. Алдымен, медицина қызметкерлеріне, содан кейін педагогтерге, күштік құрылымдардың қызметкерлеріне вакцина егілетін болады.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыруға мәжбүрлеген жағдайда қайда және кімге шағымдана алатындарын айтқан еді.

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина ерікті және тегін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897230-sputnik-v-vakcinasynan-keiin-immunitet-nese-zyl-saqtalady/

pixel