Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елбасыдан алған алғашқы марапат": Асхат Садырбай Назарбаевтың алғысына ие болды

Опубликовано:

Асхат Садырбай мен Бауыржан Байбек
Фото: Instagram/askhat_sadyrbay

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевтың марапатын иеленді. Ақпарат өкіліне Елбасының арнайы алғыс хаты табысталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты хабармен Асхат Садырбайдың өзі Instagram парақшасында бөліскен. Алайда, белгілі болғандай аталмыш марапатты ол Елбасының қолынан алмаған. Алғыс хатты "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек табыстаған.

"Бүгін "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапаттады. Көп рахмет! Мен үшін бұл Елбасыдан алған алғашқы марапат және үлкен мәртебе! Елбасымызға зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Желі қолданушылары бірден журналисті құттықтап, оған өздерінің жүрекжарды тілектерін жолдады.

"Марапатыңыз құтты болсын. Игі істермен қуанта беріңіз" , "Алла абыройыңды арттыра берсін. Жарайсың" , "Елбасының алғыс хатын кез келген адам ала бермейді. Еңбегің еленіп жатқаны қуантады" , "Құтты болсын! Әлемдік деңгейге жете беріңіз. Қарапайым адамсыз. Бұның өзі жеңіс", " Құттықтаймын, Асхат! Осы күнге дейін де еңбегіңнің орны ерекше", " Құттықтаймыз. Абыройыңыз асқақтай берсін. Марапаттарға әбден лайықтысыз. Әрдайым қанатыңыз талмасын деп тілейміз", "Құтты болсын. Алда әлі талай жеңі күтіп тұр" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897271-elbasydan-algan-algasqy-marapat-asxat-sadyrbai-nazarbaevtyn-algysyna-ie-boldy/

pixel