RU

Бас прокуратура SCAT әуе компаниясына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр

Scat әуе компания
Фото: facebook.com/scat.airlines

Еліміздің бас прокуратурасында SCAT әуе компаниясына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Компанияға бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету бабы бойынша айып тағылған деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаңтар айының соңында әлеуметтік желіде SCAT әуе компаниясына қатысты Көліктегі бас прокуратураның тергеу жүргізіп жатқаны туралы ақпарат пайда болды.

"SCAT әуе компаниясына кейбір рейстердің дотациясына бөлінген қаражаттың ысырып болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Менің білуімше, 3 млрд теңге шығын туралы сөз қозғалған, бірақ компания мұнымен келіспейді", - дейді Kozachkov offside Telegram арнасы.

Басылым редакциясы Көліктегі бас прокуратураның пікір білдіруін сұраған. Алайда тергеуді бас прокуратура жүргізіп жатқаны анықталған.

"Сіздің өтінішіңіз бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы SCAT әуе компаниясына қатысты Қылмыстық кодекстің 189 бабы 4 бөлімі (Бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Сонымен қатар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды", - делінген құзырлы органның жауабында.

Әуе компаниясы әзірге бұған қатысты пікір білдірген жоқ. Дегенмен Kozachkov offside Telegram арнасында SCAT-тың президентке жасаған үндеуі жарияланған.

Үндеуде 2019 жылдың қарашасында көліктегі бас прокурордың қаулысы негізінде әуе компаниясына қатысты жоспардан тыс тексеріс басталғаны айтылған.

Хатта компанияны тексеріс нәтижесімен таныстырмағаны көрсетілген. Содан кейін әуе компаниясы сотқа дейінгі тергеудің басталуына мемлекеттік аудитордың 2020 жылдың 31 қаңтарындағы қорытындысы себеп болғанын білген.

"Істе айтарлықтай заң бұзушылықтар болды. Бұл әуе компаниясының өз мүдделерін қорғау құқығын толығымен жүзеге асыруына кедергі келтірді. Әуе компаниясы тексеріске қатыспаған, қандай да бір құжаттарды ұсынбады, аудиттік тексерістің мазмұнымен таныс емес", - делінген хатта.

Қатысқан тәуелсіз сарапшының пікіріне сүйене отырып, әуе компаниясы мемлекеттік аудитордың қорытындысы күмәнді әрі заңсыз деп санайды.

Олардың ойынша, компанияға заңсыз негізде айып таққысы келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897275-bas-prokuratura-scat-aue-kompaniyasyna-qatysty-qylmystyq-isti-tergep-zatyr/