RU

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Мереке11
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрлігі күнтізбеге жаңа мерекелік датаны - Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшісінің, қызметкерінің күнін енгізуді ұсынып отыр.

Мереке күні ретінде 9 маусым таңдап алынған.

Құжат "Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы" деп аталады және "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Қазір талқылауда.

Министрлік түсіндіргендей, қазіргі уақытта Қазақстанда ҰҚК, МКҚ, Қорғаныс министрлігі және ІІМ сияқты мемлекеттік органдарда арнайы мақсаттағы бөлімшелер бар.

Бұл бөлімшелердің жеке шартты атаулары, нышандары, белгіленген ерекше міндеттері бар.

"АМБ күні кәсіби мерекесін жариялау арнайы операцияларға қатыса отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының тыныштығы мен бейбіт өмірін қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті, конституциялық құрылыс пен мемлекеттің тұтастығын сақтап, еш қорқынышсыз қарулы топтар мен қылмыскерлердің жолына бөгет болатындарға құрмет көрсету болып табылады.

9 маусым Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары АМБ үйлестіру кеңесін құру туралы шешіміне (2016 жылғы 9 маусымдағы № 98) қол қоюына байланысты таңдалып алынды", - дейді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897287-qazaqstanda-zana-mereke-kuni-paida-boluy-mumkin/