Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен СІМ арнайы операция өткізді

Опубликовано:

Жусан-2 операциясы
Көрнекі фото видеодағы кадр: youtube.com/Qazaqstan TV

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті мен сыртқы істер министрлігі бірлесе отырып, Сириядан бір топ Қазақстан азаматын елге қайтару операциясын өткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Арнайы операцияға АҚШ және өзге де халықаралық серіктестер қолдау көрсетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Топ құрамында 4 ер адам, 1 әйел және 2 жетім баланы қосқанда 7 адам болды.

"Ұлттық заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес, террористік іс-әрекетке қатысқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жетім балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі және мемлекет тарапынан оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі", – делінген хабарламада.

Әйелдер мен балалар оңалту және қайта әлеуметтендіру бағдарламаларымен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев санкциялаған террористік әрекеттер белсенді жүргізіліп жатқан аймақтардан азаматтарымызды қайтару операциясы Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған "Жусан" операциясының жалғасы болды.

Еске салсақ, 2021 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өсімдік түрлі есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатыстылығы бар топ мүшелерін ұстаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897325-ulttyq-qauipsizdik-komiteti-men-sim-arnaiy-operaciya-otkizdi/

pixel