Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайын атасымен 8 жыл бойы төсектес болған келін күйеуін тастап кеткен

Опубликовано:

Қайын атасы мен келіні
Фото: Видеодан кадр

Түркістандық Гүлнар Ерметова отбасында орын алған сұмдық жағдайға әлі де сене алар емес. Оның айтуынша, туған келіні сегіз жыл бойы қайын атасымен төсектес болып, ақыр-соңы өз күйеуін тастап кеткен. Келіншек жолдасы мен келінінің опасыздығы мен пасық әрекетін қалың көпшілікке жайып салды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанұясы шайқалған әйел өз басынан өткен ауыр жағдаймен КТК арнасындаңы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бөліскен. Гүлнар Ерметова жолдасының келінімен ойнас құрғаны жайлы жан сырын ақтарып, мән-жайды айтып берді.

Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар 2013 жылы ұлдарын үйлендіріп, үйге келін түсірген. Алайда, баласының жары өз күйеуімен ғана емес, қайын атасымен де көңіл жарастырған болып шықты.

Гүлнар Ерметованың жолдасы сегіз жыл бойы келінімен төсектес болып, оның көзіне шөп салған. Алайда, бұл шындықтың беті ашылғанда мүлдем сенгісі келмеген.

"Үш ұйықтап тұрсаң да сенбейсің ғой. Бұл сұмдықты 19 қыркүйек күні білдім. Балам маған дереу үйге келуімді өтінді. Көлікке отыра сала барғанымда ұлым маған бар шындықты айтып берді. Қайран болып қалдым. Ұлым маған телефоныма видео жіберді. Үйге кіріп, ары да бері де ойландым. Екеуі 2013 жылдан бері төсектес болып келген. Яғни, келіннің үйге келгеніне бес ай болғанда бұлар бірге болған. Екеуі сегіз жыл бойы төсектес болған. Мен де, ұлым да ештеңе байқамадық. Екеуміз де кешке дейін жұмыстамыз. Ал жолдасым мен келін күнде үйде болады. Осындай сұмдыққа тап болдық. Келін ақыры менің жолдасымды тартып алды. Оған үйреткенім болмаса, артық ештеңе айтпағанмын" , - деді Гүлнар Ерметова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897327-qaiyn-atasymen-8-zyl-boiy-tosektes-bolgan-aiel-sol-usin-kuieuin-tastap-ketken/

pixel