Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда марқұм дәрігердің отбасы желідегі жалған жарнама үшін үндеу жасады

Опубликовано:

Иван Ли
Иван Ли. Фото: newtimes.kz

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған білікті дәрігер Иван Лидің отбасы желіде марқұмның фотосуреті бар белгілі бір дәрі-дәрмектің жалған жарнамасы пайда болғанын мәлімдеді. Мәтінде басқа біреудің аты-жөні көрсетілген, сонымен қатар дәрігердің өнімді сатып алуға кеңес бергені айтылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы марқұм дәрігердің ұлы Антон Ли айтып берді. Оның айтуынша, аталған жарнаманы сайттан танысы көріп қалған.

"Менің әкем Ли Иван Иванович 2020 жылы 25 шілдеде коронавирустан қайтыс болды. Ол атақты дәрігер, Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың үздік менеджерлерінің бірі, Нұр-Сұлтан қаласының №2 қалалық ауруханасының бас дәрігері болды. Ол ауруханаларды ұйымдастыру, халықты коронавирустың диагностикасы мен еміне белсенді қатысты", – деп жазды Антон өзінің Instagram парақшасында.

Антон Лидің айтуынша, сілтеме фармацевтикалық компанияның аты да, байланыс деректері де көрсетілмеген күдікті сайтқа сілтеген. Сайтта тек өтініш қалдыруға болады, содан кейін оператор кері қоңырау шалып, осы препаратқа тапсырыс алады.

"Сайтта менің әкемнің фотосуреті қойылған. Сайттағы суретте тегі, аты және әкесінің аты менің әкімдікі емес. Және онда нейрохирург және осы препарат туралы барлық сұрақтарға жауап беретіні жазылған. Бұл жалған ақпарат! Менің әкім көзі тірісінде Артериаль препараты жайлы ешқандай пікір қалдырмаған!", – деп түсіндірді жазба авторы.

Сонымен қатар, отбасы фотосуретті заңсыз қойғаны үшін шағым түсірген, бірақ талаптарға жауап бермеді деп мәлімдеді.

"Біз "Алтай Био" ұсынған Артериаль препаратын тарататын белгісіз компанияға өнімдерін жарнамалау үшін отбасылық фотосуретті жариялауға ешқандай рұқсат берген жоқпыз. Оның үстіне жазған арызымыздан еш өзгеріс болмады. Олар үш күн ішінде суретті алып тастаймыз деп уәде берген, бірақ жағдай өзгерген жоқ!", – деп сөзін түйіндеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897334-nur-sultanda-marqum-darigerdin-otbasy-zelidegi-zarnama-usin-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel