RU

Полицей 13 жасар қызды төсекке сүйреді ме: Ақтөбелік қыздың мәлімдемесіне жауап берілді

Қыз бала
Көрнекі фото: piqsels.com

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысының 15 жастағы тұрғынының мәлімдемесі жарияланды. Бойжеткен үш жыл бұрын учаскелік полиция қызметкері өзін бірнеше рет жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүр еткенін, жүкті болып, кейін түсік жасатқанын жария етті. Алайда, кәмелетке толмаған қыздың айтуынша, бұл қылмыс үшін мүлде басқа жазықсыз адам түрмеге қамалған. Бұл мәлімдемеге облыстық полиция департаментінде түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоүндеу Qumash Telegram арнасында жарияланды. Жеткіншек анасының ата-ана құқығынан айырылғанын, сондықтан оны қорғайтын ешкім жоқ екенін айтты.

Қыздың айтуынша, үш жыл бұрын Петропавловка ауылының бұрынғы учаскелік полиция қызметкері одан "қазір темір тордың ар жағында отырған адамға жала жауып, ор қазуды" сұрағанын айтты.

"Ол менімен жыныстық қарым-қатынаста болды, мәжбүрлі түрде, менің келісімімсіз, ол кезде мен 13 жаста едім. Бірде қызметтік көлікте жақындастық, мен оған қарсы тұра алмадым", – деп ағынан жарылды ол.

Қыздың айтуынша, оның әкесі жоқ, ал анасы ішімдікке әуес болған, сондықтан учаскелік полиция қызметкері олардың үйіне жиі келіп жүріпті. Онымен байланыс уақыт өте нығая берген. Жасөспірім кейін жүкті болып қалғанын айтады.

Полиция қызметкері анасынан басқа адамға қатысты арыз алып, ал қыз аборт жасатыпты. Оқиғадан кейін анасы ата-ана құқығынан айырылған. Ақтөбелік қыз оны басқа жігітті айыптауға көндірді деп сендіреді. Айтуынша, бөтен жігіт ақырында 10 жылға сотталып, қазір түрмеде отыр.

Кәмелетке толмаған қыздың үндеуіне Ақтөбе облысының полиция департаментінде түсініктеме берілді. Баспасөз қызметі бұл іс 2018 жылы тергелді деп мәлімдеді.

"Ұрыққа геномдық сараптама және күдіктінің ДНҚ-на салыстырмалы талдау тағайындалды. Барлық фактілер, куәгерлердің жауаптары және жүргізілген тексерулер сотталғанның бұл қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдеді", – деп түсіндірді департаментте.

Ведомство ер адамның 10 жылға түрмеге қамалғанын растады. Сот үкіміне қорғаушылар апелляциялық шағым берген, бірақ алғашқы үкім өзгеріссіз қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897352-policei-13-zasar-qyzdy-tosekke-suiredi-me-aqtobelik-qyzdyn-malimdemesine-zauap-berildi/