Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енеңнен сәлем": Ер адамды белгісіз біреу еш себепсіз соққының астына алған

Опубликовано:

Фото
Оқиға орнынан фото: astv.ru

Ресейде Оңтүстік Сахалин тұрғынын белгісіз біреу аясыз соққыға жығып, енесінің сәлемін жеткізген деп хабарлайды ASTV.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, жас жігіт сүйіктісімен бірге оқу мәселесі бойынша құжаттарын реттеу үшін Оңтүстік Сахалинге ұшып келген.

Әуежайда оларға танысы жолығып, сөзге келіп қалған. Бірақ жанжал бейбіт жолмен шешіліпті.

Құрбыларының үйіне барған қос ғашық таксиден заттарын түсіріп жатқанда, белгісіз ер адам тап беріп, оны соққының астына алған.

Қастық жасаушы қашып бара жатып "енеңнен сәлем" деп айқайлаған көрінеді.

Жәбірленуші қай енесі туралы сөз болғанын білмейді, себебі оның ешқандай енесі жоқ. Ер адам полиция қызметкерлеріне жүгінген.

Олар тексере келе әуежайда болған жағдайдың кейін болған оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Оралда ер адамның бұрынғы әйелі мен қызын тірідей өртеуге әрекеттенгенін хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар Алматы облысында отағасы өзінің жарын соққының астына алып, артынша ваннаға батырып өлтіруге әрекеттенген. Белгілі болғандай, ол шаңырақ көтерген 15 жылдың ішінде әйелін үнемі ұрып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897370-enennen-salem-er-adamdy-belgisiz-bireu-es-sebepsiz-soqqynyn-astyna-algan/

pixel