Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ішіп алған "погондыны" тоқтатқан полицей жұмыстан шығарылды

Опубликовано:

Медосвидетельствование в Шымкенте
Фото: Otyrar.kz

Шымкентте ішіп алып көлік басқарған "погондыны" ұстаған полиция қызметкері тек жұмыстан қуылып қана қоймай, ішкі істер органдарынан да шығарылды. Алайда бұл ақпаратты қалалық полиция департаментінен алу БАҚ өкілдері үшін оңайға соқпаған деп жазады Отырар арнасы.

"Тексеру барысында полиция қызметкері қызмет атқару барысында қызметтік бейнежазбалар мен ақпаратты бөгда адамға таратып бергені анықталды. 2020 жылы 30 желтоқсанда патрульдік полиция полкінің қызметкері полиция лейтенанты Жанбота Болат Орнақұлы құқық қорғау органына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін департамент тәртіп комиссиясының шешімімен ол ішкі істер органы қатарынан шығарылды. Тәртіп комиссиясы құрамында департамент бастығының орынбасары және басқарма басшылары кіреді", - деді Шымкент қалалық полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әлімхан Темірханов.

Телеарна мәліметінше, бірақ неге екені белгісіз, полиция қызметкерінің жұмыстан өткен жылы босап қалғанынан қалалық жергілікті полиция басқармасының басшысы хабарсыз болып шықты.

Кезекті брифингтердің бірінде қойған тілшінің сауалына жауап берген ол ішіп алып көлік айдаған погондыны тоқтатқандар жұмысын жалғастырып отыр деп жауап берген.

"Ішіп алып көлік басқарған, оны Шымкенттің тәртіп сақшылары ұстаған болатын. Солар қызметтен шеттетілді деген сыбыс келді, сол рас па?", -деген сұраққа Шымкент қалалық полиция департаменті жергілікті полиция басқармасының басшысы Мұхтар Бұхарбаев жауап қатты.

"Қызметкерлер жұмыста жүр. Өз орнында қызметін жалғастыруда",- деді ведомство өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897382-symkentte-isip-algan-pogondyny-toktatkan-policej-zmystan-sygaryldy/

pixel