Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда 240 адам коронавирусқа қарсы егілді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысында 240 адам коронавирусқа қарсы егілді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның ішінде 53 дәрігер, 161 орта және 21 кіші буын медицина қызметкері екпе алды. Сондай-ақ облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 4 қызметкері егілді.

"Қазіргі кезде денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласы қызметкерлері егілуде. Наурызда мұғалімдерге, сәуірде мемлекеттік қызметшілерге кезек келеді", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Басқарма мәліметіне қарағанда, соңғы тәулікте 109, бір аптада 629 адам коронавирус жұқтырды. Күні бүгін жұқпалы аурулар ауруханаларында 291, карантиндік стационарларда 22 адам ем алуда. 24 адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Жыл басынан бері індет жұқтырған балалар саны 144-ке жетті. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО әкімінің орынбасары мен бас мемлекеттік санитар дәрігерінің екпе салдырғанын, Оралда бір күнде 80 адамнан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы вакцина салуға қатысты мәлімдеме жасады. Діни басқарма кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897405-batys-kazakstanda-240-adam-koronaviruska-karsy-egildi/

pixel