Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: Синоптиктер елімізде дауылды ескерту жариялады

Опубликовано:

Қар
Көрнекі сурет: pixabay.com

Еліміздің бірқатар өңірлерінде 5 ақпан күні дауылды ескерту жарияланды. Ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

5 ақпан күні Атырау, Қостанай және Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Ақтөбе, Қостанай қалаларында да түнде көктайғақ, кей уақыттарда тұман күтіледі .

Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, Орал қаласында тұман күтіледі.

Ал Павлодар қаласында таңертең және күндіз тұман мен қөқтайғақ болуы ықтимал.

5 ақпан күні Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқысан күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстікке соғады, кей жерлерінде күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау, Қызылорда қалаларында тек кей уақытта тұман болуы ықтимал.

Петропавл қаласында да тұман, көктайғақ күтіледі.

5 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Нұр-Сұлтан қаласында кей уақытта тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Көкшетау қаласында да тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Ал Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Тараз қаласында кей уақытта тұман болады деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897434-tuman-koktaigaq-zayau-burqasyn-sinoptikter-elimizde-dauyldy-eskertu-zariyalady/

pixel