RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 1186 адам тіркелді

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1186 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 192 825-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 1186 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 120,

Алматы қаласы - 112,

Шымкент қаласы - 9,

Ақмола облысы - 164,

Ақтөбе облысы - 12,

Алматы облысы - 71,

Атырау облысы - 44,

Шығыс Қазақстан облысы - 64,

Жамбыл облысы - 22,

Батыс Қазақстан облысы - 88,

Қарағанды облысы - 79,

Қостанай облысы - 83,

Қызылорда облысы - 3,

Маңғыстау облысы - 17,

Павлодар облысы - 225,

Солтүстік Қазақстан облысы - 64,

Түркістан облысы - 9.

Еске сала кетсек, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды.

Екпені алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов салдырды.

Сонымен қатар бас санитар дәрігер шенеуніктер коронавирусқа қарсы шынайы вакцинаны салдырмайды деген қауесетке де жауап берді.

Сондай-ақ Қиясов коронавирусқа қарсы вакцинаның жағымыз әсері болса, әрбір жағдай жеке дара тексерілетінін айтты.

Оның сөзінше, вакцинацияның әрбір кезеңінде өндірушіден бастап емдеу мекемелеріне дейін жауапкершілік ортақ, барлығына бірдей болады.

Сонымен бірге Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мен қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев коронавирусқа қарсы "Sputnik V" вакцинасын салдырған болатын.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897437-qazaqstanda-koronavirus-zuqtyrgan-tagy-1186-adam-tirkeldi/