Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: piqsels.com

Елордалық полицейлер халықаралық іздеу жарияланған ер адамды ұстады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Ресей азаматы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ұсталған. Ол Игнушетия аумағында алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс жасады деп айыпталуда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"63 жастағы күдікті аса ірі көлемде ақшалай қаражат жымқыру мақсатында ингушетиялық банк бөлімшесіне барған. Ол көрінеу жалған ақпарат ұсыну арқылы 10 миллион рубльге несие алу туралы өтініш білдірген. Алайда, қаражатты алған соң, ізін суытты. Ингушетия ішкі істер министрлігі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлады елорданың полиция департаментінде.

Шетел азаматы өз еліне экстрадациялау бойынша шешімді күтіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін хМиллиондаған ақша жымқырды деген айыппен халықаралық іздеуде жүрген Халықты жұмыспен қамту орталығының бұрынғы басшысы Асылжан Жамалбеков полицияға өзі келгені туралы жазған едік. Сот санкциясымен Жамалбековке қатысты үйде қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қабылданды. Енді ол сотты үйде отырып күтетін болады.

Одан бөлек, Алматы облысының құқық қорғау органдары ірі алаяқтық жасады деп күдіктелген қазақстандыққа халықаралық іздеу жариялағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897439-nur-sultanda-xalyqaralyq-izdeu-zariyalangan-qylmysker-ustaldy/

pixel