Тоқмақта қазақстандық миллиардер Әлижан Ибрагимовті жерлеу рәсімі өтті (фото, видео)
Опубликовано:

4 ақпанда миллиардер Әлижан Ибрагимовпен қоштасу рәсімі өтті. Жерлеу рәсімі Қырғызстан қаласы Тоқмақта өткен.
Кәсіпкермен қоштасар алдында достары некролог оқып берді. Олар туыстарына қайғыра көңіл айтты, деп жазады АКИpress.

Басылымның жазуынша, кәсіпкердің үйіне өтетін жолдың бір жағы жабылып, сыртта полицейлер күзетіп тұрған.

Кез келген адам келіп, кәсіпкермен қоштаса алды, алайда туыстарының өтініші бойынша түсірілімге тыйым салынды.

Жерлеу рәсіміне Қазақстаннан 30-дан астам көлік келді, сонымен қатар ресейлік және дипломатиялық нөмірлері бар көліктер де болды, деп жазады басылым.

"Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің өкілі тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, парламент төрағасы Нұрлан Нығматулиннің атынан көңіл айту жеделхатын оқыды", - деп жазады басылым.
Кәсіпкерлер Патох Шодиев пен Александр Машкевичтің жерлеу кезінде көздеріне жас алғандығы хабарланды.

Дұға оқылып, содан кейін ер адамдар Винсовхоз ауылындағы зиратқа барды. Кәсіпкер аталмыш зиратта жерленді.

Еске салайық, Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлердің бірі Әлижан Ибрагимов Бельгияда қайтыс болған еді. Ол 66 жаста болатын.

24.kg қырғызстандық агенттіктің мәліметінше, Ибрагимов ұзақ уақыт бойы комада жатқан. Өлімнің алдын ала себебі- коронавирус инфекциясы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897447-toqmaqta-qazaqstandyq-milliarder-alizan-ibragimovti-zerleu-rasimi-otti-foto-video/