Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Навальный уланған кезде емдеген дәрігер көз жұмды

Опубликовано:

Алексей Навальный
Фото: Sefa Karacan/Anadolu Agency via Getty Images

Өткен жылы жазда уланып қалған оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйды емдеген Ресей ауруханасының бас дәрігері қайтыс болды деп хабарлайды CNN.

Омбыдағы жедел аурухананың бас дәрігерінің орынбасары болған Сергей Максимишин 55 жасында кенеттен қайтыс болды, делінген аурухана таратқан хабарламада.

"№1 жедел медициналық жәрдем ауруханасының бас дәрігерінің анестезиология және реанимация жөніндегі орынбасары, Омбы мемлекеттік медицина университеті кафедрасының ассистенті, медицина ғылымдарының кандидаты Максимишин Сергей Валентинович кенеттен қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймыз", - деді ведомство. Ал өлімнің нақты себебі көрсетілмеген.

Еске сала кетсек, Алексей Навальный жағдайы нашарлаған кезде Омсктен Мәскеуге қарай ұшқан. Ол дәретханаға кіріп, сол жерде оның денсаулығы нашарлағаны хабарланған.

Ұшақ Омскке шұғыл қонған. Оппозиция өкілін ауруханаға жеткізіп, ол комаға түскен.

Айта кетсек, саясаткер Томск әуежайында шай ішкен. Ал ұшақ бортында ол өзін кенеттен жайсыз сезінген. Навальный ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілген.

Сондай-ақ Омск дәрігерлері Алексей Навальныйды Германияға емделу үшін жіберуге рұқсат бермей отырғаны хабарланды.

Германия канцлері Ангела Меркель Франция көшбасшысы Эммануэль Макронмен кездескеннен кейін Германия Навальныйды қабылдап, оған медициналық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген.

Сонымен бірге неміс мамандары Навальныйдың ағзасынан "Новичок" улағыш затының іздерін тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1897461-navalnyi-ulangan-kezde-emdegen-dariger-koz-zumdy/

pixel