Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігі мен техтөлқұжатты алып жүрмеуге болады

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

13 ақпаннан бастап қазақстандық азаматтар көлікті тиісті құжаттарды алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуіне болады деп хабарлады ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында.

Жаңа заң ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап күшіне енеді.

Бұрын Қазақстанда жүргізуші құжаттарының бірінің жоқтығы үшін ескерту (егер алғаш рет болса) немесе 5 АЕК айыппұл қарастырылған болатын.

Енді жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде өзімен бірге тек бір ғана құжат – жеке басын куәландыратын куәлікті алып жүру жеткілікті.

"Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді. Ал Интернет желісіне қолжетімділік жоқ елді мекендерде және тас жолдарда тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылатын болады", – деді министр.

Жаңа нормалардың қазақстандық жүргізуші куәлігі жоқ шетелдіктерге және Қазақстанда тіркелмеген көлік басқарушыларына қатысы жоқ.

Автокөлікті жүргізуші құжаттарынсыз басқарудың осындай мүмкіндігі Грузия, Украина, Польша, Латвия, Литва сияқты мемлекеттерде бар, ол елдерде де ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілген.

"Жүргізушілердің құжаттарын өзімен бірге алып жүру және жүргізуші құжаттарын ұсыну міндетін алып тастау – бұл заманауи технологиялық "сервистік" полицияны дамытуға бағытталған тағы бір қадам", – деп санайды Тұрғымбаев.

Мемлекет көлікті басқаруды едәуір жеңілдетті, бірақ жүргізушілер басқа жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті есте ұстауы керек.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де жол жүрісі ережелері мен көлік жүргізу мәдениетін мүлтіксіз сақтауға шақырғым келеді.

Еске салсақ, мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897473-13-aqpannan-bastap-zurgizusi-kualigi-men-textolquzatty-alyp-zurmeuge-bolady/

pixel