Коронавирус: Қазақстанда қай өңірлер «қызыл» аймақта
Опубликовано:

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі 6 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
6 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, бүгінде Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр.
Олар: Ақмола, Павлодар облыстары.
«Сары» аймақта Батыс Қазақстанмен қатар Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта.
Матрица Қазақстанның «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін көрсетті.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырған тағы 1141 адам тіркелгені туралы хабарлаған едік.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 193 966-ға жеткен.
Сонымен қатар, әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 105 миллионнан асқаны белгілі болды.
Джонс Хопкинс университеті сайтындағы мәліметке сәйкес, бүгінге дейін әлемде коронавирус 105 млн 346 мың 199 адамнан анықталып отыр. Оның ішінде 2 млн 296 мың 700 науқас қайтыс болған.
Коронавирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлыбритания, Ресей.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897477-koronavirus-kazakstanda-kaj-irler-kyzyl-ajmakta/