Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұқпалы аурулар маманы бірінші кезекте кімге екпе салдыру керек екенін айтты

Опубликовано:

Вакцина салу
Көрнекі сурет: pexels.com

Жұқпалы аурулар дәрігері Евгений Тимаковтың айтуынша, коронавирустың бірінші толқынында аурудың жеңіл түрімен ауырған адамдар COVID-19-қа қарсы екпе салдыруы керек, өйткені олардың вирусқа қарсы иммунитеті осы жазға дейін төмендеуі мүмкін деп хабарлайды РИА Новости.

Маманның айтуынша, коронавирус жұқтырып, симптомсыз түрде ауырғандар екпе салдыру керек.

"Жазға қарай, карантиннен кейін бір жылдан астам уақыт өткенде, негізгі бірінші толқын болған кезде, жеңіл немесе симптомсыз ауруға шалдыққан адамдарда иммунитеттің айтарлықтай төмендеуі байқалады және сәйкесінше оларға бірінші болып екпе салдыру қажет", – деді Тимаков.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1186 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 192 825-ке жетіп отыр.

Айта кеткен жөн, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды.

Екпені алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният пен еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов салдырды.

Сонымен қатар, бас санитар дәрігер шенеуніктер коронавирусқа қарсы шынайы вакцинаны салдырмайды деген қауесетке де жауап берген болатын.

Сондай-ақ, Қиясов коронавирусқа қарсы вакцинаның жағымыз әсері болса, әрбір жағдай жеке дара тексерілетінін айтты. Оның айтуынша, вакцинацияның әрбір кезеңінде өндірушіден бастап емдеу мекемелеріне дейін жауапкершілік ортақ, барлығына бірдей болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897498-zkpaly-aurular-mamany-birinsi-kezekte-kimge-ekpe-saldyru-kerek-ekenin-ajtty/

pixel