Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таңқаларлық оқиға": 41 жастағы шымкенттік пойызда екі млн теңгесін ұмытып кеткен

Опубликовано:

Пойыз
Фото: Stopfake.kz

"Шымкент-Нұр-Сұлтан» бағытындағы пойызға мінген 41 жастағы жолаушы екі миллион теңгеге жуық ақшасын вагонда ұмытып кетіпті деп хабарлайды 31 арна.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, Ерболат Әмірханов Қарағандыдағы станциядан шығып, поезд жүріп кеткен кезде ғана миллиондары салынған қара сөмке есіне түскен.

Жолаушы вокзалға қайта жеткенше, өзі түскен пойызы кетіп қалыпты.

Ер адам бірден 102 нөміріне хабарласып, жағдайды баяндайды. Өтініш түскен бойда темір жол вокзалының сақшылары пойыздың жолсеріктерімен байланысқа шыққан. Пойыз елордадағы "Нұрлы жол" станциясына жеткен кезде вагон қызметкері полиция қызметкерлеріне екі миллион теңгеге жуық ақша бар сөмкені қайтарып бергені белгілі болды.

"Қарағанды қаласынан пойыздан түстік. Сол кезде өзіммен болған мына қара сумка ішіндегі ақшасымен ұмыт қалдырғанбыз вагонда. Шұғыл әрекет ету кезінде Аққалиев Берік екеуі сөмкемізді ішіндегі заттарымен ақшасымен түгелдей тауып берді", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Ерболат Әмірханов.

Еске сала кетсек, осыған дейін Швейцария билігі пойыз вагонында 150 мың фунт тұратын (шамамын 87 миллион теңге) бір қап алтынды ұмытып кеткен жолаушыны іздестіруде. Белгілі болғандай бағалы жүктің салмағы 3 келіні құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897517-tanqalarlyq-oqiga-41-zastagy-symkenttik-poiyzda-eki-mln-tengesin-umytyp-ketken/

pixel