Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының бірі ұсталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Осыған дейін әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаеваның ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

Алайда ол мәліметті ешкім растап, теріске де шығарған жоқ болатын.

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров қылмыстық істің расымен қаралып жатқанын мәлімдеді.

Дегенмен, ол күдіктілердің нақты аты-жөні мен лауазымдарын хабарлаған жоқ.

"Иә, Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшылығына қатысты Маңғыстау облысында COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу аясында бөлінген қаржыға медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Басшылардың біріне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды", - дейді Данияр Бекайдаров.

Биғайдаров тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жарияланбайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Чиновник kz Telegram-каналы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы 2020 жылдың тамызында қызметтік өкілеттігін пайдаланып, медициналық құрылғыларды жоғары бағамен сатып алуға бюджеттік өтінім жасаған деген күдікке ілінгенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897547-mangystau-oblystyq-densaulyq-saqtau-basqarmasynyn-bassylygy-ustalgany-rastaldy/

pixel