Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда күзет қызметі басқармасының бастығы жемқорлық күдігіне ілінді

Опубликовано:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров Атырау облысы арнайы күзет басқармасының бастығы жемқорлық күдігіне ілінгенін растады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік өткізген онлайн баспасөз мәслихатында "Атырау облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мекемесінің бастығының ұсталғанын растайсыз ба? Ол қызметте болмаған полиция қызметкерлеріне ақша аударып, мемлекеттік бензинді сатқаны рас па?" деген сұрақ қойылды.

"Растаймыз. Басшылардың біріне қатысты қамауға алу жөніндегі бұлтартпау шарасы таңдалып алынды. Тергеу мүддесіне сәйкес, қалған ақпаратты жариялай алмаймыз", - деді Бекайдаров.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслихатында Данияр Бекайдаров Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын да растады.

"Иә, Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшылығына қатысты Маңғыстау облысында COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу аясында бөлінген қаржыға медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Басшылардың біріне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды", - деді ол.

Данияр Бекайдаров Шымкентте ауылшаруашылығы саласының шенеуніктеріне қатысты қылмыстық тергеу басталғанын да мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897567-atyrauda-kuzet-qyzmeti-basqarmasynyn-bastygy-zemqorlyq-kudigine-ilindi/

pixel