Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 18 жастағы чемпион жігіт кісі қолынан қаза тапты

Опубликовано:

Тапанша
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде каратэден 18 жастағы Азия чемпионы Дәулет Хайролла кісі қолынан қаза тапты. Спортшының қазасы ата-анасының ғана емес, тұтас спорт қауымдастығының қабырғасын қайыстырып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Облыстық спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров Дәулеттің қазасы жайлы хабар жанына қатты батқанын айтады.

"Бар болғаны 18 жаста. Болашағынан үлкен үміт күткен спортшы еді. Қоңыр белбеуі бар. Кёкусинкай каратэден Азия кубогінің иегері, нөмірі бірінші спортшымыз. Жақында ел кубогына арналған жарысқа барайын деп отырған жігіт. Жанып тұрған жас болатын. Оның қазасы спортшыларға ауыр тиді. Оотбасына, туысқандарына қайғыра көңіл айтамыз", - дейді Евгений Гончаров.

Қайғылы оқиға 4 ақпанға қараған түні болған. Марқұмның жаттықтырушысы оның 16 ақпан күні өтетін жарысқа дайындалып жүргенін айтады.

"Дәулет бізде 2013 жылдан бері жаттығады. Өте талантты спортшы. Ол Қазақстан ұлттық құрамасының қатарында болды. Қоңыр белбеу иегері, қатарының көшбасшысы болатын. Тәрбиелі, кішіпейіл, әрдайым көмекке дайын тұратын. Бұған сене алар емеспіз.

Біз Қаскелеңде өтетін Қазақстан кубогіне арналған жарысқа дайындалып жатқан едік. Дайындыққа келіп жүрді. Онымен қоса өзі басқа клубта балаларды жаттықтыратын. Сенім артқан спортшымыз еді. Артынан жаман сөз еріп көрген жоқ. Қаза туралы жақындарынан естідім. Өте ауыр", - дейді марқұмның жаттықтырушысы Әлішер Құлынтай.

Полиция спортшының өліміне қатысты күдіктінің ұсталғанын, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"4 ақпанда бір топ жас таныс қыздың туған күнін атап өту үшін қаланың ескі бөлігінде үй жалдаған. Шара барысында жастар арасында қақтығыс болып, салдарынан атыс қаруын қолдану арқылы кісі өлтіру орын алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды және ол кісі өлтіргенін толық мойындап, полиция қызметкерлері тәркілеген қылмыс құралын жасырған жерді көрсетті.

Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауда", - дейді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1897611-aqtobede-18-zastagy-cempion-zigitti-atyp-ketti/

pixel