Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Каспий теңізінің түркімен жағалауларында жүздеген итбалық пен мыңдаған балық қырылып қалды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Каспий теңізінің Түркіменстан аумағындағы жағалауларында жүздеген итбалық пен мыңдаған балық қырылып қалған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Басылым мәліметінше, 2020 жылдың соңғы айында Каспий теңізінінің Ресей аумағындағы жағалалауларында да бірнеше жүз итбалық қырылған еді.

"Теңіздің Балқан уәлаятындағы Түркіменбаши және Киянлы қалаларындағы жағалауларында былтыр желтоқсаннан бері итбалықтардың өлі денелері табылып жатыр. Қаңтар айында балықшылардың ауына жүздеген өлі итбалық түскен. Одан бөлек, жағалауда қырылған балықтар мен құстар жатыр", - дейді теңіз шекара қызметінің бір маманы Азатлык тілшісіне.

Оның айтуынша, түркімен билігі бұл ақпаратты жасырып отыр.

Ресейдің Каспий теңізінде жұмыс істеген ғылыми экспедициясы итбалықтардың қырылуына табиғи факторлар әсер еткен болуы мүмкін деген қорытынды жасаған.

Алдын-ала ақпарат бойынша, итбалықтардан коронавирус және басқа да жұқпалы аурулар анықталмаған.

Айта кетейік, Каспий итбалығы (Phoca caspica) Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына, сонымен бірге Түркіменстанның Қызыл кітабына енген.

Еске сала кетсек, Ақтаудағы демалушылардың Каспий теңізіндегі итбалыққа тас лақтырғаны туралы бейнеролик қазақстандықтардың ашуын туғызған еді.

Кейін резонанс туғызған видеоның авторы итбалықтың адамдарды тістеген фактілері болғанын айтты. Олар тас лақтырып, аңды үркітпек болған. Нәтижесінде ол ары жүзіп кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897616-baq-kaspii-tenizinin-zagalaularynda-zuzdegen-itbalyq-pen-myndagan-balyq-qyrylyp-qaldy/

pixel