RU

Қатерлі індет: Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны қаншаға жетті

коронавирус әлем
Көрнекі фото: liter.kz

Соңғы ақпараттар бойынша, әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 105 миллионнан асты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Джонс Хопкинс университеті сайтындағы мәліметке сәйкес, бүгінге дейін әлемде коронавирус 105 млн 346 мың 199 адамнан анықталып отыр. Оның ішінде 2 млн 296 мың 700 науқас қайтыс болған.

Коронавирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлыбритания, Ресей.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырған тағы 1141 адам тіркелгені туралы хабарлаған едік.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 193 966-ға жеткен.

Сонымен қатар, эпидемиологиялық ахуалды бағалау туралы соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан шығып, "жасыл" аймаққа кірді.

Қазіргі уақытта біздің елде коронавирусқа қатысты жағдай келесідей:

  • "қызыл" аймақта: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды ​​облыстары;
  • еліміздің басқа аймақтары "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897641-qaterli-indet-alemde-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-qansaga-zetti/