Министрлік: Коронавирус жұқтырған 271 адамның жағдайы ауыр
Опубликовано:

6 ақпандағы мәлімет бойынша, елімізде 27 200 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
«27 200 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 684 пациент стационарда, 21 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген хабарламада.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 271 адамның жағдайы ауыр;
• 47 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырған тағы 1141 адам тіркелгені туралы хабарлаған едік.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 193 966-ға жеткен.
Сонымен қатар, эпидемиологиялық ахуалды бағалау туралы соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан шығып, "жасыл" аймаққа кірді.
Қазіргі уақытта біздің елде коронавирусқа қатысты жағдай келесідей:
- "қызыл" аймақта: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
- "сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары;
- еліміздің басқа аймақтары "жасыл" аймақта.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897642-ministrlik-koronavirus-zuqtyrgan-271-adamnyn-zagdaiy-auyr/