Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда өртеніп жатқан тұрғын үйден бес бала құтқарылды

Опубликовано:

өрт Қостанай
Фото: Облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Қостанай қаласында тұрғын үй өртеніп, бірнеше адам құтқарылды. Оқиға 5 ақпан күні облыс орталығындағы Рабочая көшесінде болған. ТЖД кезекші бөліміне төрт қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы қоңырау түскен деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына келген сәтте бірінші қабаттағы пәтер жанып жатқан.

Өрт шыққан пәтердің 56 жастағы иесі мен оның ересек ұлы көршілеріне дабыл қағып үлгеріпті. Тез тараған жалын көрші пәтерлерге таралмауы үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің бірінші тобы дереу отты сөндіруге кіріседі.

«Оттегі маскаларын киген екінші топ құтқарушылары жоғарғы қабаттарға көтеріліп, зорайтқыш құрылғы арқылы тұрғындарға эвакуация туралы хабарлады.
Түтін жан-жаққа тарала бастағандықтан баспалдақпен 14 адам сыртқа шығарылды. Өрт шыққан үйден 5 бала және мүгедек әйелді құтқарылып, қауіпсіз аймаққа көшірілді», - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД мәліметінше өрт тоңазытқыштағы электр сымының қысқа тұйықталуынан шыққан.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында қылмыстық топ ауылшаруашылығына құрал-жабдықтар сатып алу кезінде жүздеген миллионды қолды қылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

"Қылмыстық топ мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 миллион теңгені қолды қылған", - деп түсіндірді Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері.

Бұл қаражат Қостанай облысындағы шаруа қожалықтарына күн энергиясын пайдалану арқылы ұңғымалардан суды шығаруға арналған жабдықтарды сатып алуға субсидия ретінде бөлінгені атап өтілді. Бүгінде қылмыстық іс сотта қаралуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1897643-qostanaida-ortenip-zatqan-turgyn-uiden-bes-bala-qutqaryldy/

pixel