Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көктайғақ: Оралда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

жол апаты
Көрнекі фото: sn.kz

Оралда екі автокөлік соқтығысып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді. Оқиға бүгін шамамен сағат 08.15-те Зачаган кентінде Саратов жолы бойында «Конденсат» жанар-жағар май стансасы тұсында болған деп хабарлайды ҚазАқпарат

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековт мәлім еткендей, Matiz бен Volkswagen маркалы автокөліктері соқтығысқан.

Соның салдарынан Volkswagen автокөлігінде отырған үш жолаушы мен Matiz жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жолдың көктайғақ болуына және нашар бөлігіне байланысты Matiz автокөлігі қарсы бетке шығып кетіпті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, миы шайқалған деген күдікпен 11 жасар ер бала мен маңдай тұсы көгерген 16 жасар қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген.

Қабырғасы сынған 1960 жылғы және миы шайқалған деген күдікпен 1990 жылғы әйелдер қалалық көпбейінді аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. 1960 және 1989 жылғы ер адамдар ауруханаға жатудан бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897655-koktaigaq-oralda-eki-kolik-soqtygysyp-birnese-adam-auruxanaga-zetkizildi/

pixel