Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда жастар төбелесіп, біреуі көз жұмды

Опубликовано:

Пышақ ұстаған жігіт
Көрнекі фото: NUR.KZ

Орал қаласында жастар арасында жанжал туып, төбелеске ұласып, нәтижесінде пышақ жарақатынан біреуі қаза тапты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға түнде Х.Доспанова көшесі 58 А мекенжайында орналасқан үйдің кіреберісінде болды. Шамамен түнгі сағат 00.02-де "102" телефонына хабар түскен.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткеннен соң тұрмыстық жағдайда арақ ішуден кейін белгісіз адамның Теректі ауданының 23 жастағы тұрғынына көптеген пышақ жарақатын салғаны анықталды. Соның салдарынан жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде аса ауыр қылмысты жасаған Орал қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұдан бұрын да бірнеше рет бұзақылығы үшін жауапкершілікке тартылған. Полицияның назарына 2015 жылдан бері ілігіп, қоғамдық орында арақ ішкені үшін де әкімшілік жазаны өтеген.

Оның іс-әрекетінен тағы екі жас жігіт зардап шегіп, облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қазіргі кезде Абай полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, жедел жәрдем сағат 00.17-де шақырылып, төрт бригада барды. Бір адам жедел жәрдем келгенге дейін мерт болды. 30 және 23 жастағы жігіттер пышақ жарақатынан зардап шекті. 20 жастағы тағы бір жігіт екі көзінен химиялық күйік жарақатын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1897658-oralda-zastar-tobelesip-bireui-koz-zumdy/

pixel