RU

Қазақстанның тағы бір облысында карантин жеңілдетіледі

Қаладағы көше көрінісі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қарағанды облысының билігі 8 ақпаннан бастап карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Соңғы мәліметке сүйенсек, Қарағанды облысы "сары" аймақтан "жасылға" өткен. Осыдан кейін өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Оған сәйкес, қоғамдық тамақтану  орындарының жұмыс, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс уақыты сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін ұзартылды. Бұған дейін олар сағат 22.00-ға дейін істеп еді.

Тамақты жеткізу қызметінің уақытына шектеу жоқ. Дәмханалардағы орын 50-ден аспауы тиіс.

Кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етілген, бірақ зал 20%-ға ғана толық болуы керек, ал адам саны 30-дан аспауы шарт.

Театрлар, кітапханалар мен музейлердің толтырылуы 20%-дан және адам саны 30-дан аспаған жағдайда жұмыс істеуіне тыйым салынбаған. Репетициялар кезінде де адам саны 30-дан аспауы тиіс.

Қаулы 8 ақпанда күшіне енеді. Толық мәтінді мына сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыздар.

Еске салсақ, Қостанай облысында шектеу шаралары жеңілдетілді.

Тиісті қаулыға облыстың бас санитар дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев қол қойды. Құжаттың мазмұнына сәйкес, келесі аптадан бастап мешіттерге, шіркеулерге және басқа да діни орындарға жұмыс істеуге рұқсат етілген, адам толтыру 30 пайыздан аспауы керек. Қаулы 2021 жылдың 8 ақпанында, дүйсенбіде күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897675-qazaqstannyn-tagy-bir-oblysynda-karantin-zenildetiledi/