Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам көз жұмды

Опубликовано:

Өлім-жітім1
Көрнекі фото: Bharat Bhushan/Hindustan Times via Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус белгілері бар пневмония жағдайы туралы жаңа деректерді ұсынды. Коронавирус пен пневмониядан болған өлім-жітім дерегі жаңартылды.

Coronavirus2020.kz ресми Telegram арнасының хабарлауынша, соңғы мәліметтер бойынша, коронавирус белгілері бар пневмонияның 69 жағдайы тіркелген. 279 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 48 295, 579 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 37 225-ке жетті.

Статистика
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram арнасы бүгін, 7 ақпандағы мәлімет бойынша, 27 107 адам короновирус инфекциясынан (16 616 КВИ+ және 10 491 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 771 пациент стационарда, 21 336 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Соңғы тәулікте коронавирустан 8 адам қайтыс болған.

"269 пациент ауыр халде жатыр, 48 пациент өте ауыр дәрежеде, ал 42 пациент тыныс алу аппаратына қосылған", – деп хабарлады министрлік.

Айта кеткен жөн, денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты соңғы деректерді жария еткен болатын. Мәліметке сәйкес, өткен тәулікте елімізде 1146 адам коронавирус жұқтырған.

Еске салсақ, эпидемиологиялық ахуалды бағалау бойынша соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан шығып, "жасыл" аймаққа кіргені туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897692-otken-taulikte-koronavirustan-8-adam-koz-zumdy/

pixel