Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның 8 өңірінде жол жабылды

Опубликовано:

Боран
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің сегіз облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

""ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ және "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ деректері бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, шектеулі көріну) еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды", – деп хабарлайды министрлік.

Еске салсақ, 7 ақпан күні Қазақстанның барлық аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы сақталатыны туралы жазған едік. Кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, желдің күші уақытта 30 м/с артуы ықтимал. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады, желдің күші 23-28 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897695-qazaqstannyn-8-onirinde-zol-zabyldy/

pixel