RU

Теміртаулық азаматша интернет арқылы адамдарды алдаумен айналысқан

Алаяқ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қарағандылық полицейлер тағы бір интернет-алаяқты қолға түсірді деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 49 жастағы қала тұрғыны шағымданды. Жәбірленуші азаматша өзіне мысық сатып алмақшы болған. Осы мақсатта әлеуметтік желіге кіріп, интернеттің көмегімен үй жануарын сатамын деген жарнамаларды іздеп тапқан.

Ол жарнама иесімен желі арқылы хабарласып, мысықтың бағасына келіскеннен кейін сатушының есепшотына 60 мың теңге ақша аударған, алайда уәде етілген уақытта мысық жеткізілмегендіктен, алаяқтың құрбанына айналғанын түсінген азаматша дереу полицияға жүгінген.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына (Алаяқтық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

4 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен Теміртау қаласының 20 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Ұсталған азаматша қылмысын мойындады.Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған азаматшаның осыған ұқсас басқа да ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Еске салсақ, Қарағанды облысының полицейлері интернеттің көмегімен қаржы пирамидасын құрған Өскемен қаласының тұрғынын анықтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897701-temirtaulyq-azamatsa-internet-arqyly-adamdardy-aldaumen-ainalysqan/